Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қала туралы

1.Қала жайлы қысқаша мәліметтер. Көрікті Көкшенің табиғаты көрген көзді сүйсіндіретін Бурабай ауданының орталығы саналатын Щучинск қаласының іргесі 1850 жылы қаланған. Қала облыс орталығы Көкшетаудан оңтүстік-шығысқа қарай 75 км-дей жерде Шортанды көлінің оңтүстік-батысында орналасқан.

2. Арқада Бурабайға жер жетпейді... Мағжан Жұмабаев : « Арқада Бурабайға жер жетпесе, алашта Кенекеме ер жетпейді»,- деп жырлағандай, Щучинск қаласына ат басын тірегендер Бурабай ауданындағы Кенесары үңгіріне соқпай өтпейді. Аудан территориясында 20 археологиялық ескерткіштер бар. Сонымен қатар Абылайхан алаңында хан Абылайға орнатылған 37 метрлік ескерткіш мұнда келушілердің ең сүйікті орны болып есептеледі. Қасиетті жердің аты мен киелілігін ұқтырған қазақтың маңдайына басқан тарихи тұлғалары Қасым Сұлтан, Кенесары мен Наурызбай, Біржан сал,Ақан сері, Балуан Шолақ,Үкілі Ыбырай есімдерін жас ұрпақ мақтан етеді.

3.Қаладағы білім беру мекемелері. Щучинск қаласының аумағында — 11 бала бақша, оның iшiнде 8 — жеке меншiк -, қалған 3 — мемлекеттiк. 10 –жалпы бiлiм беретiн мектептер, 2 қосымша бiлiм беру «Арман», «Балалар өнер мектебi» мекемелерi бар. Қаланың өткен тарихына үңілсек, мұндағы 1935 жылы Щучинск қаласына көшірілген кен металлургиялық техникумы кеншілер мен техник мамандарын дайындауда еліміз бойынша ерекше орын алған. Сондай-ақ қалада Ш.Уәлиханов атындағы кадет корпусы орналасқан.

4.Шаһардағы өндірістік кәсіпорындар. Қаланың негiзгi өндiрiстiк кәсiпорындары: Металл емес құрылыс материалдары,бетон өнімдерін шығаратын зауыт,сүт зауыты,ет комбинаты,тігін фабрикасы,қазандық және механикалық зауыты бар. Сонымен қатар «Вагон жөндеу депосы» ЖШС, «Бота-2015» ЖШС, «Айна» ЖШС, « Ет өнімдері» ЖШС, «ОСКО» ЖШС, «Хоттей» ЖШС, «Щучинс қаласы ет комбинаты» ЖШС тұрғындарды жұмыспен қамтумен азық-түлік өнімдерін өндіруде басты рөл атқарады.

5.Қаланың бизнес әлеуеті. Өткен жылғы қаланың даму көрсеткіштері жайлы есепте атап көрсетілгендей, шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң саны 4,3% артып, 4 417 бiрлiкке жетсе,Щучинск қаласы бойынша кәсiпорындардың негiзгi капиталға инвестицияларының жалпы көлемi 2018 жылы — 22,5 млрд.теңге болған.

6. Щучинск- шипажайлы қала. Қалада 83 туристерді қабылдайтын нысан бар. Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту бағдарламасы жақсы қарқынмен жүзеге асырылып келеді. Мұнда 25 санаторий мен демалыс үйлері,туристік база және 16 балалар денсаулығын сауықтыру орталықтары жұмыс істейді.

7.Қаланың қазіргі келбеті. Шаһарда 2 аурухана, 11 дәрігерлік амбулаторий, 41 медициналық пункт пен жедел жәрдем станциясы халыққа қызмет көрсетеді. 6 мәдениет үйі мен 15 клуб, 2 музей, 30 кітапхана бар. Атап айтсақ, 2018 жылы 11 шілдеде пайдалануға берілген шаңғы трамплинінің өзі қысқы спорт түрлерін дамытудағы жоғары жетістікке жетуге жетелейтін спорттық нысан болуымен ерекшеленеді. Қала тұрғындарының саны – 46 мың 777 адам.

Жаңартылған күні: 24.01.2020 17:18
Құрылған күні: 24.01.2020 17:30

Текст