Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп Ақбота "бөбекжайы" МКҚК 2025 жылға жария талқылау үшін

. Жалпы ережелер

  1. Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны көрсетеді.

Заңды мекенжайы: Щучинск қаласы, Уәлиханов көшесі, 21 үйі.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2025 жылы Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» МКҚК 287мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде:

 

803010-1 мемлекеттік білім беру ұйымдарының бос немесе уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау:

  • қағаз түрінде – 15;

 

4003002 мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды және құжаттарды қабылдау:

  • электрондық үкімет порталы арқылы – 222 мемлекеттік қызмет
  • қағаз форматында – 50 мемлекеттік қызмет;

 

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар 0 өтініш бойынша берілді, оның ішінде: 0 – электрондық форматта және 0 – қағаз форматында.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

 

  1. Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет:

  • «Мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жолдау үшін кезекке қою»;

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс

  1. Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер

Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат білім басқармасының ресми интернет-ресурсында: http://ds0001.burabay.aqmoedu.kz/content/uvaghaemye-ghiteli-akmolinskoy-oblasti «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.

Сондай-ақ МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

  1. Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

2025 жылы МКҚК «Ақбота» бөбекжайының 5 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде: ресми интернет-парақшаларда 3 жарияланым.

Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары мен қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында МКҚК «Ақбота» бөбекжайы Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс істейді.

Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді 4 қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

2025 жылы 3 қызметкер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

 

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

  1. Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат:

2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түспеген.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері:

МКҚК «Ақбота» бөбекжайы әкімшілігі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында күнделікті ішкі бақылау жұмысын жүргізеді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Ақмола облысының білім басқармасына қатысты ескертулер жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары

Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;
  • қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

 

МКҚК «Ақбота» бөбекжайы

директорының м.а.: Ж.Каскырбаева

 

Орынд.: Ә.Мұрат

Тел.: 2-14-65


Текст