Бүгінгі заман – робототехниканың қарышты дамыған кезеңі. Робототехника балалардың өзара іс-қимыл дағдыларын, олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етеді, өздігінен шешім қабылдауға үйретеді, олардың шығармашылық мүмкіндігін ашады. Балалар мен жасөспірімдер - өз бетінше бір нәрсені ойлап тауып, құрастырғанда мұны жақсы түсінеді. Робототехника бойынша оқу қызметі барысында, осы факт жай ғана есепке алынбайды, керісінше, шын мәнінде әр оқу қызметінде пайдаланылады.
Бөбекжайдағы робототехника балалардың ойлау және талдау қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
МКҚК «Ақбота» бөбекжайында мектепалды даярлық «Құлыншақ», «Қошақан» топтарының тәрбиеленушілері ротототехнологияны жақсы меңгеруде. «Роботтор әлеміне саяхат» жоба жұмысы өз жалғасын табуда.