Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында қаңтар айының 19 күні ересек топтар арасында дене тәрбиесінің нұсқаушысы Шайдуллин Кайдардың ұйымдастыруымен денсаулық күніне орай «Көңілді қыс» атты спорттық іс-шара өткізілді. Ауа райының суық болуына байланысты іс-шара бөбекжай ішінде өтті. Іс-шара барысында балалар екі топқа бөлініп, сайысқа түсті. Сайыс бес кезеңмен өтті. 1-кезең “ Хоккейшілер ” ойыны деп аталды. Бұл сайыста допты клюшкамен кедергілердің арасымен домалатты. 2- кезеңде “ Шаңғышылар” жарысы деп аталды. Бұл кезеңде балалар шаңғы таяқшаларымен сырғанады. 3- кезең бойынша “ Кім епті? ” деп аталды. Бұл сайыста қалақпен допты құлатпай, кедергілер арасымен жүгірді. 4- кезең “Жылдам жүгір” деп аталды. Бұл кезеңде балалар құрсауды көтеріп, кедергілер арасымен жүгірді. Сайыстың соңғы 5-шы кезеңінде “Арқан тартыс” ойыны болды. Бұл сайыста балалар арқан тартыс ойынын ойнап, өзара күш сынасты. Іс-шара тартымды және өте қызықты өтті. Сайысты қорытындылай келе, балалар естелік ретінде суретке түсті. Қатысқан балалардың көңіл-күйлері ерекше керемет болды.