Текст
Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында әдіскері Бекенова Меруерт Джексенбековнаның ұйымдастыруымен «Бөбекжайдағы тәрбие үрдісінің қазіргі жағдайы» тақырыбында әдістемелік отырыс болып өтті. Әдістемелік отырыста ең жақсы құрылған «Тәрбие тұжырымдамасы» жоба жұмысы үй тапсырмасы ретінде беріліп, әр бірлестік қарапайым тілмен, ғылыми түрде, теорияны тәжірибемен алмастырып, қорғап шықты.
Жұмыс мазмұнында педагогикалық ұжымды шығармашылық «Тәрбие мақсаты» тобы, «Тәрбие мазмұны», «Тәрбие әдістері» топтарға бөлініп, сұрақтарға жауап беріп және оған теориялық қана емес, практикадан мысал келтіріп, тәрбие тұжырымдамасын талдап шықты. Әдістемелік отырыс өте қызықты, тартысты өтті.