Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында ағылшын пәні мұғалімі Сейсен Аягүлдің ұйымдастыруымен ересек «Көбелек», «Еркетай», «Балдырған»
топтарымен қаңтар айында ағылшын тілінен «Travelling to Knowledgeland» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты ағылшын тілі пәніне қызығушылықты дамыту және арттыру болып табылды. Іс-шараға қонаққа Дымбілмес кейіпкері келді. Балалар Дымбілмеспен бірге “Knowledgeland ” кемесімен білім әлеміне саяхат жасады. Білім әлемінде балаларды қызықты тапсырмалармен тосын сыйлар күтті. Олар аяқ іздері арқылы конверт ішіндегі жасырылған тапсырмаларды тауып орындады. Бірінші тапсырмада түймедақ гүлінің жапырақтарында ағылшын тілінде берілген сөздерді қазақ тіліне аударды. Екінші тапсырма бойынша балалар бағдаршамның түстерін ағылшын тілінде атап оларды тиісті әрекеттерге жабыстырды. Келесі тапсырмаға барар жолда балалар жануарларды кездестіріп оларды үш тілде атады. Үшінші тапсырманы орындау барысында балалар жұмбақтардың шешімін тауып аяқ іздерімен келесі тапсырмаға тап болды. Төртінші тапсырма бойынша балалар “Race” атты жарысқа қатысып, білімдерін көрсете білді. Жарыстан кейін білім әлемінен оралу уақыты келді. Қайтар жолда балалар көтеріңкі көңіл-күймен билеп барды. Дымбілмес кейіпкері балаларға алғысын айтып қоштасты. Осымен білім әлеміне саяхатымыз өз мәресіне жетті. Мақсатқа қол жеткізілді.