Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Ризагул Сагындыкованың мектепке даярлық «Қошақан» тобының балалары-мен серуенді өткізу кезеңінен.
Серуеннің тақырыбы: Көшедегі көліктерді және бағдаршамды бақылау. Серуеннің мақсаты көліктер туралы білімдерін жетілдіру, түрлерімен таныстыру, және жолда жүру ережесін сақтауға, бағдаршамның атқаратын қызметін еске түсіру болып табылды. Балалармен көшеге шығып, жол бойындағы ағылып, жүріп жатқан көлік түрлерін бақылады. Балалар автобус, жүк машинасы, жедел жәрдем, трактор, жеңіл машина сияқты көлік түрлерінің атын атап, олардың пайдасы туралы және қандай көлік түрлеріне отырғандарын айтып берді. Ризагул Сагындыковнаның :
-Көшеден жолаушылар мен машиналар бір- бірін кедергі жасамай өту үшін не көмекке келеді?
- Көшеде тәртіп болу үшін не істеу керек?
-Ал, егер бағдаршам сөніп қалса немесе болмаса кімге бағыну керек?
деген сұрақтарына балалар ойлана , көшеге қарап, жарыса жауап беріп, біраз мәліметтер алды. Бағдаршам, көлік туралы жұмбақтар шешті. Бөбекжай ауласына келіп «Күн шуақтары» ойынын ойнады. Ойын шарты: «Күн шықты»- дегенде балалар жүреді. «Күн бұлтты»- дегенде отырады. Балалар зейінді болуға тырысып, серуенді көңілді өткізіп, топқа оралды.
Балалар тәрбиеші Шолпан Муратбековнамен күннің екінші жартысында серуенге өздерімен бірге күрек сыпырғыш ала шығып ойын үлескесінің қарын тазалап ,сыпырды. Балалар ойнай жүріп, ұқыптылыққа үйреніп, еңбектенуге тәрбиеленеді. Одан кейін «Бағдар-шам» ойынын шанамен ойнап, жолда жүру ережесін пысықтады. Балалар жақсы көңіл – күймен қош айтысып , ата –анасы мен үйлеріне қайтты. Бөбекжайдағы серуен осылай өтеді.