Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Серуен-ой, серуен-дене, серуен-ойын еңбегі жалғасын табуда...

05.02.2021

          Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз. Оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз. «Ақбота» бөбекжайы «Құлыншақ» тобының тәрбиешілері Калмаганбетова Арайлым Балтабековна мен Айтжанова Алмагуль Сагандыковна өз балаларымен күнделікті серуен кездегі табиғатты бақылау жұмысын жүргізу барысынан мәлімет береміз. Топ тәрбиеленушілері өз туған қаласының әдемі жерлерімен танысып, саяхатқа шығып бақылау жасайды. Сондай күнделікті бақылаудың бірі «Көше бойын бақылау». Бақылау кезінде балалар көше атуларымен, бөбекжай қай көшеде орналасқаның , көше бойында дәріхана, банк, тіс емдейтін аурухана, дүкендер және автоколіктер жұмыс кезінде бағдаршамның қалай жұмыс істейтінің көріп танысты.

       Көркем сөз «Бақшада» атты өлең шумақтарын айтып, жұмбақтар шешті.

        Еңбекке үйрету арқылы аулада ойын үлескедегі қар тазалап, ағаш түптерін қармен көміп, еңбек соңында қимылды ойынмен жалғасты. Балалар «Қар лақтыру», «Күн шуақтары» ойынын ойнады. Күннің екінші жартысында  серуен жалғасын тапты. Балалар аяқталмаған қар тазалық жұмысын аяқтап еркін ойнады. Күннің батуын байқады. Өз ойларымен бөлісіп, қоштасып үйлеріне тарады. Осылай бір күндік серуендегі Көшені бақылау тақырыбы қызықты өтті.

      Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік.

 

Просмотров: 142


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст