Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайында ағымдағы жылдың 03 ақпанында «Өзін-өзі тану. Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі декадасының «Жүрек жылу» атты мерекелік іс-шараның ашылу салтанаты өтті. «Өзін-өзі тану. Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі декадасының жоспары құрылып, өз жұмысын бастап кетті. «Құлыншақ», «Қошақан» мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері Қалмағанбетова Арайлым Балтабековна мен Уалиева Ризагуль Сагандыковна ұйымдастырып өткізілген ашылу салтанатында балаларға «Өзін өзі тану пәні» -жалпы адамзаттың құндылықтарға бастар жолы деп атап өтті. « Жүрек жылуы» ашылу салтанатында балалар ән салып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.