Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында №3 педагогикалық кеңес өтті. Пед.кеңестің тақырыбы: «І жарты жылдықтың оқу-тәрбие жұмысына талдау», мақсаты оқу-тәрбие бойынша жартыжылдықта атқарылған жұмыстардың сараптамасын шығару болып табылды.
Пед.кеңесте әдіскер Бекенова Меруерт Джексенбековна балалардың білім, білік, дағды деңгейінің І жарты жылдық бойынша сараптамасы туралы айтып өтті. 2020 жылы 03 желтоқсанда шыққан «Балалардың мектепке дайындық деңгейін анықтау бойынша» әдістемелік ұсыныммен таныстырып өтті. Бөбекжайдың дене тәрбиесі нұсқаушысы Шайдулин Кайдар Шаймуратович дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметтерінде мемлекеттік стандарт талаптарының орындалу барысы жайлы есеп берді. Музыка жетекшісі Жалманбетова Райхан Темирбулатовна музыка пәнінен бағдарламаның орындалуы, өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтса, логопед Бекпаева Кульпаш Сагандыковна бөбекжайдағы логопедтік қызметтің орындалуы жайлы айтып өтті. Ағылшын тілі мұғалімі Сейсен Аягуль Төлепбергеновна ерте жастан ағылшын тілін меңгеру барысындағы қолданылған тиімді әдістері туралы, ал медбике Бейсембаева Гаухар Кабдуллиновна І жарты жылдық бойынша балалардың денсаулығы мен аурушаңдығы жайлы сараптамасымен таныстырып, қазіргі жағдайдағы санитарлық-гигиеналық талаптарды күшейту және орындау жұмыстары туралы айтты. Даярлық тобы бірлестігінің жетекшісі Айтжанова Алмагуль Сагандыковна мектепалды даярлық топтарындағы жұмыс жоспарларының орындалу барысына тоқталып өтті. Бөбекжай әдіскері Бекенова Меруерт Джексенбековна педагогтардың өздігінен білім көтеру жоспарларының орындалу барысын тексерудің қорытындысы жайлы айтып өтті. Педагогикалық кеңес соңында педагог, тәрбиешілердің жинақтамаларына тоқталып өтті. Жинақтамалар туралы түсініктер айтылып, ақпарат беріп, қаулы шығарылды.