Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Қошақан» даярлық тобының тәрбиешісі Уалиева Ризагуль Сагандыковна «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне орай «Құлыншақ» және «Қошақан» даярлық топтарының балалары арасында «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауын өткізді.
Мақсаты Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолымен, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шараларымен таныстыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу болып табылды.
Байқауды бастамас бұрын, слайд арқылы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының призиденті Сара Алпысқызы туралы қысқаша мағлұмат берді. Ана туралы әдемі өлең шумағын айта кетіп , «Құлыншақ» даярлық тобы балаларын жаттаған тақпақтарымен шақырды. «Қошақан» тобы мен «Құлыншақ» даярлық тобының қыздары «Ана жүрегі» биін тарту етті. Келесі кезенде «Қошақан» даярлық тобы балалары көркемдік шеберліктерін ортаға салып, өздерінің аналарға арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге өте жақсы әсер қалдырды. Байқаудың соңында балалар мақтау қағазымен марапатталып, «Біз тәртіпті баламыз» атты әнін шырқады.