Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндікте тәрбиеші Айтжанова Алмагул Сагандыковнаның ұйымдастыруымен «Қызығы толы бұл әлем» шаттық шеңберлер байқауы өтті.
Мақсаты: Балаларды сүйіспеншілік құндылығы бойынша әлем,табиғат,туған жер туралы ұғымдарын кеңейту, қоршаған орта әлемінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Табиғат әлеміне қамқорлық жасау, әлемді жағымды қабылдай білу сезімдерін дамытуға, өмірдің мәнін түсініп, өз орнын таба білу іскерліктерін дамытуда әлем, табиғат ғажаптарын тани білуге және онымен үйлесімді өмір сүруге тәрбиелеу болып табылды.
Тәрбие сағаты шаттық шеңберді айтудан басталды. Балаларды екі топқа бөліп, алдарында мозайка таратып, осы мозайканы құрастырып, қандай сурет шықты сол жайында әңгімеледі. Кейін сұрақтар қою арқылы сұрақтарға жауап алды. Сұрақтар:
- «Әлем» деген не?
- «Әлемде қызыққа толы» деп қай уақытта айта аламыз?
- Әлемде қандай өзгерістер болып жатыр?
- Әлемді қорғау үшін не істеу керек? Мысалы; Ағаш отырғызу. Құстарға қамқорлық жасау. Жануарларды қорғау . Суды үнемдеу, т.б.
- Әлемнің ең кереметі не?, Өзін – өзі тану не үйретеді?, Қазақстанның табиғаты қандай?, Достық деген не?
Жұмбақ жасырылып, сол жұмбақтың шешуінде қандай керемет болатынын айтып берді.
Ол ғаламшардың ішіндегі ең өзгешесі, өзгешілігі онда тіршілік бар.
Шаттық шеңберлер жарысы екі топ кезектесіп, шаттық шеңберін айтып жарысты. Слайд арқылы балалар әлемнің неше түрлі ғажаптары назар аударды, мысалы тастан жасалған ана мен баланың мүсіні, әдемі көптеген туындыларды тамашалады. «Біздің әлемде» атты жапсыру тапсырмасын орындады. Жер шарына жасалған тапсырмаларын глобустың жан-жағына жапсырды. «Көңілді күн» биімен тәрбие сағатын өте керемт өткізіп, көңілді күймен аяқтады.