Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне орай «Құлыншақ» даярлық тобында "Өнеге отбасынан басталады" ашық ҰОҚ-і

15.02.2021

Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының  өзін-өзі тану пәні бойынша  «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндікте даярлық«Құлыншақ»  тобында тәрбиеші Қалмағанбетова Арайлым Балтабековнаның ұйымдастыруымен  «Өнеге –отбасынан басталады»  атты тақырыпта   ашық ұйымдастырылған оқу қызметі  өтті. Адамзат баласының ең негізгі мақсаты-дүниеге әкелген ұрпағының болашағына жауапкершілікпен қарау. Нәрестенің өмірге келген алғашқы күннен бастап дұрыс тәрбие беріп, адамгершілікке, саналыққа баулып өсірсеңіз, күндердің күнінде оның рақатын көріп, қуанышына бөленерініз сөзсіз. Баланың бойына жақсы қасиеттер ең әуелі өз отбасынан дарыйды. Отбасынан басталған өнегелі тәрбие бөбекжай  қабырғасында  тәрбиеші мен ұстаздардың  ұлағаты мен одан әрі жалғасады. Отбасында бала әуелі мәдениеттілікті үйренеді содан соң өзіне тән ар-ұят ақыл ой, адамгершілік қасиеттерге баулиды. Соңдықтан ата-ананың өз ара сыйласымдылығы өзін - өзі ұстауы бала тәрбиесі үшін ауадай қажет. Оқу қызметі барысында отбасы жайлы  слайд көрсетліді, балалар  сұрақтараға жауап беріп,өз ойларын ортаға салды. Шығармашылық жұмыс арқылы  әр бала   өз үйлерін құрастырды. «Көшетті жас тал кезінде түзе, үлкен ағаш болғанда оны түзету мүмкін емес» деген сөз бар. Өнеге отбасынан басталады, ал біз тек жол көрсетуші тәрбиешілерміз,-деп Арайлым апай оқу қызметін өте керемет өткізді.

Просмотров: 146


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст