Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Қошақан» даярлық тобының тәрбиешісі Бейсенова Шолпан Муратбекқызының ұйымдастыруымен «Қызығы толы бұл әлем» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің жоспары бойынша өткізілді.
Ашық ҰОҚ-нің мақсаты балаларды сүйіспеншілік құндылығы бойынша әлем,табиғат,туған жер туралы ұғымдарын кеңейтуде табиғат әлеміне қамқорлық жасау, әлемді жағымды қабылдай білу сезімдерін дамытуға, өмірдің мәнін түсініп, өз орнын таба білу іскерліктерін дамыту және әлем, табиғат ғажаптарын тани білуге және онымен үйлесімді өмір сүруге тәрбиелеу болып табылды.
Балалар шаттық шеңберін жасап, көңіл күйлерін көтеріп алды. Кейін айнаға қарап, өзі туралы әңгімелеп қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сұрақтар:
- «Әлем» деген не?
- «Әлем қандай қызыққа толы?»
- Әлемді қорғау үшін не істеу керек? Мысалы; Ағаш отырғызу. Құстарға қамқорлық жасау. Жануарларды қорғау . Суды үнемдеу, т.б.
Өзін – өзі тану не үйретеді?
Сол жерде қандай керемет болатынын айтып берді. Балалар «Кішкентай шарлар» деген ойынды ойнады. Ойын шарты бойынша дене мүшелерін атап,зейінді болуға тырысты. Балалар «Менің қызықты әлемім» атты тапсырмада өз ойынан сурет салып, әңгімелеп берді. Сурет барысында балалар өздерінің ішкі ойлары жұмбаққа толы сырлы екенін қағазға бейнеледі. «Әріптер тізбегі» ойынында балалар сапқа тұрып, шеңберді адымдай отырып, шеңбер ішіндегі әріпке сөз тауып құрады. Қорытындылай келе, балалар дөңгелене отырып, допты аяқтарымен бір-біріне допты жерге түсірмей беріп, өздерінің қандай сезімде болғанын айтып берді. Балалар жақсы әсер алып, жақсы көңіл күймен оқу қызметін аяқтады.