Текст
Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің жоспары бойынша «Құлыншақ», «Қошақан» даярлық топтарында «Мейірімділік әлемді құтқарады» атты суреттер байқауы ұйымдастырылды. Мектепалды топтың тәрбиеленушілері өздерінің жүректегі ойларын, тебіреністерін қағаз бетіне түсіріп, көрмеге ат салысты.