Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жабылу салтанаты

15.02.2021

Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты  дәстүрлі онкүндіктің  жабылу салтанаты даярлық тобының тәрбиешілері Айтжанова Алмагул Сериковна мен Бейсенова Шолпан Муратбековнаның ұйымдастыруымен өткізілді. Мақсаты балаларды адамгершілік, достық, татулық, мейірімділікке тәрбиелеу,  жылы сөздердің мағынасын аша отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және   Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты   онкүндік іс-шараларына үлесін қосып, қатысқан балаларды марапаттау, концерттік бағдарлама ұйымдастыру болып табылды.

         «Құлыншақ» даярлық тобының балалары «Туған ел» әнін орындаса, ал «Қошақан» даярлық тобының балалары «Ата-ананы тындаймыз» әнін мақтаныш сезіммен орындап берді. Әрі қарай екі топтың балалары тақпақты жарыса  айтып берді. Балалар дөңгелене тұрып, жүрекше шарды алып, бір-біріне  жылы лебіздерін айтып,  шеңбер бойымен шарды беріп шықты. Жиын соңында балалар  «Қызыққа толы әлем» атты тапсырмада әртүрлі ұсақ заттардан мата үстінде өздерінің ойларын бейнелеп, ұжымдық жұмыс жасады. Осылайша  «Өзін-өзі тану: «Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс-шарамызда өз мәресіне жетті. Іс-шараға өз үлесін қосып, белсене қатысқан балалар дипломдармен марапатталды. Осы «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты  дәстүрлі онкүндікті өткізген мектепалды даярлық топ тәрбиешілері Калмаганбетова Арайлым Балтабековна, Уалиева Ризагул Сагандыковна, Айтжанова Алмагүл Сагандыковна, Бейсенова Шолпан Муратбековна үздік ұйымдастырғаны үшін бөбекжай директоры Бостанбаева Бахыт Асылбекқызының Грамотасымен марапатталды.

Просмотров: 165


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст