МДҰ- да бала денсаулығын, оның физикалық дайындық деңгейін қалыптастыруда, меңгерілетін қозғалыс машықтарының дамуы бөбекжай тәрбиешілері мен денешынықтыру нұсқаушысы алдындағы ауқымды міндеттердің бірі. Белгілі қимыл машықтарын дамытуға арналған сезімтал ерекшеліктерін ескере отырып, жүйелі дұрыс дамуына ықпал жасаймыз. Сондықтан да «Ақбота» бөбекжайымызда ұйымдастырылған оқу қызметінен тыс «таңғы жаттығулар» кешені орындалуына мақсат қойылып, II - ортанғы «Күншуақ» тобында таңғы жаттығулар кешені апталығы өткізілді. Таңғы жаттығуларды денешынықтыру нұсқаушысының жетекшілігімен өткізілді. Балаларға таңертеңгілік жаттығулар ақыл- ой, сергек және шат көңілді болып жүруіне әсер етеді. Дене шынықтыру қызметінде жаттығулармен қатар қимылды ойындар, спорттық жаттығулар өткізілді. «Күншуақ» тобынын балаларына таңғы жаттығулармен, дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметі ерекше ұнайды. Балалар денешынықтыру жаттығуларынан кейін өте жақсы сергіп қалады.