Бөбекжайда таңертеңгілік жаттығудың маңызы өте зор және күн тәртібінің маңызды бөлігі болып саналады. Осыған байланысты біздің бөбекжайда, арнайы бір уақытта дене тәрбиесінің нұсқаушысының жетекшілігімен таңғы асқа дейін өткізіледі. Оқу қызметінен тыс «таңғы жаттығулар» кешені орындалуына мақсат қойылып, I- ортаңғы «Ботақан» тобының балаларымен таңғы жаттығулар кешені апталығы өткізілді. Осы апталық уақытында таңғы жаттығулар мен қатар дене шынықтыру оқу қызметі барысы да есепке алынды. Мұнда балалар нұсқаушы жетекшінің жасағанын қайталап, денелерін ширату жаттығуларын жасауға үйренді.
Таңғы жаттығуларды денешынықтыру нұсқаушысының жетекшілігімен, топ тәрбиешілері Ибраева С.М, Шайкенова К.М бірге өткізді. Балаларға таңертеңгілік жаттығулар ақыл- ой, сергек және шат көңілді болып жүруіне әсер етеді. Дене шынықтыру оқу қызметінде жаттығулармен қатар қимылды ойындар, спорттық жаттығулар өткізілді.
«Ботақан » тобынын балаларына таңғы жаттығулармен, дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметті ерекше ұнайды. Балалар денешынықтыру жаттығуларынан кейін өте жақсы сергіп қалады.