Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бөбекжайдағы Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні

18.02.2021

Кәсіподақтардың негізгі міндеті - жұмысшылардың құқықтарын қорғау. Осыған байланысты біз лайықты жалақы, жұмыс орны және қауіпсіз еңбек жағдайлары үшін күресті күшейту үшін Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күніне арналған іс-шаралар өткізу мақсатында Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында  кәсіподақ қызметкерлерімен әңгіме өткізілді. Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы қарарымен 2007-інші жылғы желтоқсанның 18-інде жарияланған. Қарарда халықаралық қауымдастық кедейшілікті жою саласында, еңбекпен толық қамтамасыз етуде, лайықты жұмыс тауып беруде, ерлер мен әйелдер теңдігін сақтауда, барлық адамдар үшін әлеуметтік жайлы жағдай мен әділеттілікті іске асыруда күш-жігерді одан әрі арттыру қажеттілігі мақұлданған.

Біз өз әңгімемізде кәсіподақтың қызметін жаңғырту жолдары, кәсіподақтар алдына қойылатын талаптар және оны жүзеге асыру барысы туралы пікір алмастық. Кәсіподақ төрайымы Бекенова М.Д кәсіподақтардың әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелеріне тоқталып, кәсіподақтың алдағы жоспарларымен бөлісті.

Просмотров: 122


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст