Тәрбиеші Атабаева Алтынай Серікқызы өз тәрбиеленушілерінің бір күнгі бөбекжайдағы өмірі жайлы баяндайды:
Жаттығудан кейін балалармен Қ.Р. Гимн орындалады. Таңғы асқа дайындық қол жуылып, таңғы асқа отырғызылады. Таңғы астарын ішіп болғаннан кейін ауыз, қолдарын жуылады. Балаларды өзіме зер салғызып, ұйымдастырылған оқу қызметін өткіземін. Таңғы бесін асын ішіп болған соң, серуенге дайындаламыз. Далаға серуенге шығып, балаларға табиғат құбылыстармен таныстырамын. Серуен аяқталысымен, топқа кіріп, беті қолдарын жуып, түскі асқа дейін балалармен қимылды және үстел ойындарды ойнаймыз. Ойын ережелерін көрсетіп, бірге ойынды ойнаймын. Мысалы:сурет салу ұйымдастырылған оқу қызметінде губкамен сурет салу, саусақтарымен сурет салуды ұйымдастырамын. Спорттық ойындар, музыкамен билеу, көңіл күйлерін көтеру үшін музыка залында би кешін ұйымдастырамын. Астарын ішіп болған соң, беті-қолдарын жуып, дәретханаға апарып отырғызамын. Ұйқыдан тұрып, денсаулық соқпақшасы жолдарымен жүру, беті-қолдарын жуып, бесін асқа отырамыз. Түскі уақытта жеке ойындармен ойнатамын: трафаретпен сурет саламыз, құммен ойнаймыз, фасоль теру, макороннан жіп өткізіп, моншақ жасаймыз. Бұл ойындарды ойнату арқылы балалардын қол моторикасы мен ойлау қабілеттерін дамытуға күш саламын. Қолдарын жуып, кешкі ас ішеміз. Кешкі астан кейін серуенге шығып, ата-аналарға балаларын тапсырамын. Міне, тәрбиеленушілерімнің бөбекжайдағы бір күні осылай өтеді.