Бүгінгі күні МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Нұрсәуле» тобының «Бөбекжайдағы бір күнім» бір күндік күн режимінен бейнешолуды назарларыңызға ұсынамыз.
«Нұрсәуле» тобының тәрбиешісі Қасқырбаева Жұлдызай Жугериевна : күнді қабылдаудан бастаймын, балалардың қызуларын өлшеп, таңғы жаттығу жасаймыз, гигиеналық іс – шаралар жасалып, балалар таңғы астарын ішеді. Содан соң, оқу – қызметтерін өткіземін. Сосын серуенге шығамыз, серуеннен оралған соң, гигиеналық іс – шаралар жүргізіледі. Түскі астарын ішіп болған соң, түскі ұйқыға жатқызамын, түскі ұйқыдан тұрған соң күнделікті түскі ұйқыдан кейінгі әртүрлі жаттығулар жасалады. Содан кейін күннің екінші ауысымындағы үйірме жұмыстары жүргізіледі. Сосын балаларына келген ата-аналармен балаларының тәртібі жайлы сөйлесіп, балаларды үйлеріне шығарып саламын,-деп күнделікті атқарылатын қызметтерін айтып өтті.