Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ақбота" бөбекжайында «Ұлттық ойын-рухани қазына» ұлттық ойындарды және ойын технологиясын қолданудың маңыздылығы» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының аудандық тәжірибелік-семинар

15.11.2024

"Ақбота" бөбекжайында «Ұлттық ойын-рухани қазына» ұлттық ойындарды және ойын технологиясын қолданудың маңыздылығы» тақырыбында   мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының аудандық тәжірибелік-семинар болып өтті. Тәжірибелік-семинарда "Ақбота" бөбекжайының тәрбиешілері, дене шынықтыру нұсқаушылары, психолог және де Николевка негізгі мектебінің жанындағы «Балбөбек» шағын орталығының , КММ №10 мектеп-интернатының жанындағы "Шұғыла" шағын-орталығының, «Ромашка» бөбекжайының тәрбиешілері, "Нәби" балабақшасының әдіскері мен  тәрбиешісі, №4 орта мектебінің жанындағы «Гүлдер» шағын орталығының, «Балапан» шағын орталығы Ақылбай негізгі мектебінің қазақ тілі мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибесін көрсетіп, бөлісті.  «Ұлттық ойын-рухани қазына» ұлттық ойындарды және ойын технологиясын қолданудың маңыздылығы» тақырыбында   мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының аудандық тәжірибелік-семинарға қатысып, іс-тәжірибесімен бөліскен қатысушыларға сертификат берілді. Әріптестеріміз және "Ақбота" бөбекжайының тәрбиешілері ұлттық ойындарды қолдану арқылы балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру, баланың зияткерлік, әлеуметтік дағдыларын және тұлғасын дамыту үшін инновациялық әдістер мен ойын технологияларын ұштастыру,  балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке баулуға болатынын тәжірибе түрінде көрсете алды.   Семинар өте қызықты өтті.

Просмотров: 10


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст