Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Балапан» тобының сенсорлық қызметін назарларыңызға ұсынамыз. «Сенсорика» ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар «Ұзын, қысқа» тақырыбында біраз ақпараттармен танысып, үйренді.
Сенсорлық даму баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері – есте сақтау, ойлау, елестету – қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес. «Балапан» тобындағы балалармен сурет салуға, жабыстыруға, құрастыруға үйренуде, табиғат құбылыстарымен танысу жұмыстарын жүргізудемін. Суретте бейнеленген затпен ұқсастықты алу үшін бала оның пішіні, түсінің ерекшеліктерін үйренуде, құрастыру ҰОҚ-інде заттың пішінін, оның құрылымын айтуды үйренуде. Қарапайым математикалық элементтердің қалыптасуы геометриялық пішіндермен танысудан, көлемі бойынша заттарды салыстырудан басталады. Бөбекжайдағы кіші топ балаларының сенсорлық төрбиесін дамыту үшін біздің міндеттеріміз:мәдени – гигиеналық машықтарға тәрбиелеу, ой – қиялын белгілі дәрежеде өсіру, бастаған ісін аяқтай білуіне жағдай жасау, айналамен таныстыру, ойын, еңбек машықтарына тәрбиелеу,- дейді тәрбиеші Атабаева Алтынай Сериковна. Мәдени-гигиеналық машықтарға тәрбиелеуде балалардың заттармен іс-әрекет жасауы арқылы сенсорлық дамуы өседі.Оларды не үшін қолданатынын біледі. Мысалы: тамақ ішкен кезде(тарелкеге тамақ құяды, тамақты қасықпен ішеді, шайды кесемен ішеді.)