2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады. Тұңғыш рет Алғыс айту күні деп жариялау туралы № 173 Жарлыққа қол қойды. Осы тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күнін Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында тәрбиеші Ибраева Саягуль Мукановна мен Шайкенова Күншашар Мукатаевнаның ұйымдастыруымен бөбекжай педагогтары арасында тойлап өткізді. Алғыс айту туралы түсіндіріліп, видеролик, бөбекжайішілік концерт ұйымдастырылып көрсетілді. Мерекелік кеш өте жақсы әсер қалдырды. Осы тәрбиелік іс-шараны ұйымдастырған педагог, тәрбиешілерге алғысымыз шексіз.