1-наурыз «Алғыс айту» мерекесіне Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында топтарымен «Алғыс айту-парызым» атты мерекелік іс-шара қазақ тілі мұғалімдері Елубекова Гульнар Кабдылсадыковнаның мен Валиева Мөлдір Нояновнаның ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шарада бірінші балаларға алғыс айту, ризашылық, мейірімділік туралы түсінік беріліп өтті. Іс-шара барысында балалар «Анаға алғыс», «Әкеге алғыс», «Әжеге алғыс», «Атаға алғыс», «Досқа алғыс», «Отанға алғыс» және де тағы да көптеген тақырыпта алғыс айтуға арналған өлең шумақтарын айтты. «Ризамын бүгінге», «Алғыс», «Әрқашан күн сөнбесін» өлеңдерін караокемен және табиғи дауыста шырқады. Ересек тобының қыздары «Жүрек» биін биледі. Балалар іс-шара барысында бөбекжайымыздың директоры Б.Бостанбаеваны, әдіскер М.Бекенованы, медбике Г.Бейсембаеваны, тәрбиешілерді, аспазшы-апайларды құттықтап, алғыстарын айтты. Іс-шара соңында балалар үлкен жүрекшеге өз жылы лебіздерін білдіріп әдемі жүрекшелерді жапсырды. Іс-шарамыз өте жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға балалар өте белсене қатысты,көтеріңкі көңіл-күймен топтарына қайтты. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйладық деген үміттеміз.