Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

" Аяласаң, табиғатты аяла" жобалық жұмысы

06.12.2024

"Ақбота" бөбекжайындағы ересек "Балдырған" тобының тәрбиешісі Мукажанова Асель Амангельдиевнаның ұйымдастыруымен " Аяласаң, табиғатты аяла" жобалық жұмысы бойынша топтың ішіндегі гүлдерді күтіп, баптауды  тәжірибе арқылы үйретіп отырады. .Әр балаға су сепкіш бере отырып, өсімдіктерді суарту арқылы оларға нәр берілетіні, өсетіні, құнарланатыны жайлы айтылып, балалардың гүл өсіруге  құштарлығын оята білуде. Осындай жұмыстарды балалармен жасауда кішкентай бүлдіршіндеріміз табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен екенін ұғынады.  Адам мен табиғат – егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық. осындай қыс мезгілінде топта гүлдерді күтіп, оларды баптап, өсіру жұмыстарын ол да табиғатқа жаңашырлықпен қарайтын жұмыстардың бірі деп білеміз. «Мәуесі бардың әуесі бар» дейді халқымыз. Табиғатқа өз үйіндей қарап, оны аялаған адамның да қоршаған аясы әдемі болмақ. 

Просмотров: 37


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст