2021 ж. 25 - шi ақпан күні МКҚК "Ақбота" бөбекжайының "Знайки" тобында қазақ тілі мұғалімi Гульнара Қабдылсадыковна Елубекованың жетекшілiгiмен "Мамандықтың бәрі жақсы" атты қазақ тілінен ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Балалармен шаттық шеңберi айтылды. Онлайн эфирге электрондық түрде почта қызметкері шығып, өзiне берiлген тапсырманы орындауға балалардан шұғыл көмек сұрады. Посылка iшiндегi қай мамандыққа, қандай заттар қажет екенін, балалар ажыратып берді.Келесi тапсырма бойынша, мамандық атауларын үш тiлде атау тапсырмасы берiлдi."Мамандық иелеріне саяхат" атты сюжеттік рөлдiк ойын арқылы балалар, мамандықтардың қандай қызмет атқаратынын көрсетті. Мамандықтарды қазақ тілінде дұрыс айтылуы үшін тiл жаттығулары жүргізілiп және буынға бөліп айтылды. Бүлдiршiндер әр мамандыққа байланысты тақпақтарын оқып берді. Бiлiмдерiн толықтыру үшін, арнайы мамандықтар салынған суреттегi мамандықтарға қажет заттарды сызып көрсету арқылы және сұрақ - жауап аркылы бекітілді. Белсене қатысқандары үшін балалар марапатқа ие болды.