8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. «Ақбота » бөбекжайында ортаңғы «Ботақан», «Күншуақ» топтарының балаларымен 8 наурыз – аналар мерекесі «Анашым – алтын қазынам» тақырыбымен ертеңгілік өткізілді. Ертеңгіліктің мақсаты бүлдіршіңдер өздерінің жақын адамдарын аналары, әжелері, тәтелерін қуанта білуге, мейірімділікке мереке күнін түсіне білуге тәрбиелеу болып табылды. Тәрбиешілер осы мақсатты балалардың аналарына, әжелеріне арнап жаттаған өлең шумақтарымен бірге музыка әуенімен би билетіп жүзеге асырды. Ертеңгілікті, қызықтарды жақсы көретін балалар ертеңгіліктен өздеріне жағымды әсер алды. Мерекелік іс шара балаларға жақсы сезім қалдырды