Текст
8-наурыз мерекесіне орай кіші «Балапан» тобында «Аналар-асыл қазынам» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте балалар аналарына арнап өлең шумақтарын оқыды. «Анашым қартаймашы», «Әжемнің шәйі» атты әндерді музыкалық сүйемелдеу арқылы шырқады. «Ана жүрегі», «Алғашқы гүлдер»билерімен тамсандырды. «Қолшатыр» ойыны ойналды. Ертеңгілікте балалар өздерін белсенді көрсетті, қыздарға ұлдар сыйлықтарын тарту етті. Ертеңгілік өте жоғары деңгейде, қызықты және әсерлі болып өтті. Қыздар мерекелік көңіл күйде болды. Ертеңгіліктен кейін балалар өз аналарына жылы лебіздерін білдіріп, құттықтады