МКҚК «Ақбота» бөбекжайында кіші «Нұрсәуле» тобында «Аяулы анашым» атты аналар мерекесіне арналған ертеңгілік болып өтті.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мереке аналарға арналады,-
дей келе, балалар өздерінің аналарына деген «Әжемнің шайы», «Анашым қартаймашы» әндерін, «Гүлдер», «Жүрек» билерін билеп берді. Сонымен қатар «Жаңбыр жауды», «Гүлдерді жинаймыз» ойындары ойналды. Балалар мерекелік іс – шарадан жақсы көңіл күй алды. Іс – шара өз дәрежесінде өтті.