Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында "Құлыншақ", «Қошақан» даярлық топтарында "Ана қуанышы әр үйдің мерейі" атты ертеңгілік өтті. Бір қолмен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекесі, күн мерекесі құтты болсын. Ертеңгілікті Әбілқасым Ұланның «Әже туралы» құттықтау сөзімен басталды. «Анашым» әні орындалды. "Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді", демекші балалардың аналарына арналған тақпақтарын айтты. Әрі қарай балалар "Гүлдер", "Жүрекше " билерін биледі. «Қошақан» тобында балалар «Әжелер» биін керемет билеп, сахналап шықты. Одан кейін ертеңгілік "Кім жылдам " ойынымен жалғасты. Ұлдарымыз қыздарды мерекемен құттықтап сыйлықтарын табыстады. Ертеңгілікті «Мама» әнімен аяқтады