Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ересек «Балдырған», «Еркетай», «Көбелек» топтарында 8- Наурыз мерекесіне орай "Ақ анашым, ардағым» тақырыбында ертеңгілігі

05.03.2021

Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайындағы ересек «Балдырған», «Еркетай», «Көбелек»  топтарында  8- Наурыз мерекесіне орай "Ақ анашым, ардағым» тақырыбында ертеңгілік өткізілді.

Ертеңгіліктің мақсаты  балаларды мейірімділікке,аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде нәзік жанды  аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау және балалардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету болып табылды.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен !

Құрметті, жан аналар! – өлең шумақтарымен ертеңгілігіміз басталып, «Апатайым, анашым» әнімен жалғасын тапты. Әрі қарай балалардың ана – әжеге арналған өлең шумақтары тыңдалды.

Қонаққа «Көктем» келді. Балалар қонаққа  «Гүлдер» биін билеп, «Ата-ананы тыңдаймыз» әнін орындап, өз өнерлерін көрсете білді. Балаларды сергіту мақсатында «Көктем», «Кір жаю» ойыны ойнатылды.

Келесі кезекте «Анашым, қартаймашы» әнін шырқап, «Жүрекшелер» биін биледі. Ұлдар қыздарға  «Газеттер» биін арнады. Кешіміздің соңында ұлдарымыз құрмет ретінде қыздарымызға өз сыйлықтарын тарту етті. 

Көктемнің алғашқы мерекесі кішкентай аруларымызға ерекше қуаныш пен шаттық  сыйлады. Бүлдіршіндеріміз аналарды, қыздарды аялап, құрметтеу керектігін сезінді.

Просмотров: 117


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст