Текст
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жаңғырту аясында уакытты тиімді, әрі дұрыс пайдалану мақсатында "Ақбота" бөбекжайында мектепалды "Құлыншақ" тобының тәрбиеленушілерімен дене тәрбие нұсқаушысы Усенова Ажаргуль Нурлановна "Бестемше" ұлттық зияткерлік ойынын жарыс өткізді. Жарыстың мақсаты "Бестемше" ұлттық зияткерлік ойынын бөбекжай тәжірибесінде қолдану арқылы баланың танымдық ойлау қабілетін, логикалық ой өрісін, сөйлеу тілін дамытуды шапшаңдықпен ептілікке және ұлтжандылыққа тәрбиелейді.