Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының мектепалды даярлық «Қошақан» тобында ағылшын пәнінің мұғалімі Сейсен Аягүлдің ұйымдастыруымен ағылшын тілінен «The body» атты ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Оқу қызметінің басында балаларға қонаққа Бауырсақ келіп, өзімен бірге адамдар бейнеленген суретін алып келді. Балалар Бауырсақ пен адамдар арасындағы айырмашылықты табулары қажет болды. Балалар сұраққа жауап тапты, айырмашылығы - адамның дене мүшелері бар. Осы сұраққа жауап бере отырып, балалар оқу қызметінің тақырыбын тапты. Баурсақ балаларға дененің бөліктерінен адамның суретін жинау тапсырмасын берді. Осы тапсырманы орындағаннан кейін балалар мұғаліммен бірге суреттер бойынша жаңа сөздерді жаттады. Балалардың сөздерді қалай есте сақтағанын тексеру үшін мұғалім оларға оларға доп лақтырып, сөздердің аудармасын сұрады. Балалардың шаршауын басу үшін “Head, shoulders, knees and toes” сергіту сәті өткізілді. Жаңа сөздерді жақсы есте сақтау мақсатында балалармен "What' s missing " ойыны ойнатылды. Оқу қызметінің соңында жаңа лексиканы бекіту үшін балалар “Miming” ойын ойнады. Осымен оқу қызметі аяқталып , мақсатқа қол жеткізілді.