Текст
Кіші «Балапан» тобы балаларымен және тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Жаңа жыл – 2025! » атты тақырыптағы мерекелік іс-шара өткізілді. Жылдағы дәстүрмен жаңа жылды думандатып, жырлатып қарсы алу үшін, әсем шырша қасына жиналған балалар меркелік іс-шараны өте көңілді өткізді. Іс-шараға Аяз ата, Ақшақар, Қоян, Аю қонаққа келіп, балалар ән айтып, би билеп және де әр түрлі ойын ойнатылып жақсы көңіл-күйге бөленді.
Жаңа жылда тілек көп,
Бар әлемге жүрек көп.
Қуанышта болайық,
Бейбіт өмір тілейік, - деп келе жатқан Жаңа жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алайық. Жаңа жыл құтты болсын!