Мен Рспекова Айгул Карабаевна, МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісімін. Кәсіподақ комитеті ұсынған «Жұмбақтас» пансионатына барып, жақсы дем алып келгенім туралы пікір қалдырғым келеді.
Пансионат Щучинск қаласы мен Бурабай ауылының арасында, көркем жерде орналасқан. Орманды алқаптың арқасында таза ауада серуендеу денсаулыққа пайдасы мол және көңіл-күйді көтереді. Денсаулықты сақтау үшін медициналық процедуралар жүзеге асырылады: тыныс алу жүйесі, қан айналымы жүйесі, тірек-қимыл аппараты, жүйке-перифериялық жүйе және тағы басқалар. Медициналық қызметті білікті мамандар Жетписбаева Когаршын Шаймуратовна, Томпышева Айгерим Шалабаевна, Кабдулина Алия Заитовна, Байджнова Маррджан Тахировна, Шахметова Дана Тасболатовна, Ломако Надежда Валерьевна әр демалушыға өте мұқият қарап, жағдайын жасайды. Пансионат өте таза, , тамақтану күніне бес рет
өте дәмді тағамдар, үйдегі тағамдарды еске түсіреді, сонымен қатар витаминді үстел бар. Демалушылардың бос уақыты мұқият жоспарланған: шаңғы тебу, скандинавиялық серуендеу, физиотерапиялық жаттығулар, жаттығу залы, жарыстар, шахмат және дойбы турнирлері, би кештері. Сіздің көкжиегіңізді кеңейту үшін экскурсиялар ұсынылады. Сауықтыру мен көңіл көтеруді біріктіру көңілді, әрі қызықты.
Берілген демалыс үшін бөбекжайдың кәсіподақ комитетіне, аудандық кәсіподақ ұйымының басшысына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ, «Жұмбақтас» пансионатының барлық қызметкерлеріне сапалы қызметі үшін ерекше алғыс айтамын.