Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында наурыз айының 15 күні бөбекжай тәрбиешілермен және кіші «Нұрсәуле», «Балапан» топтарының бүлдіршіндерімен 14 наурыз көрісу амал күніне орай «14 наурыз – ЖЫЛДЫҢ, КӨКТЕМНІҢ БАСЫ» атты онкүндіктің ашылу салтанатты жиыны аталып өтілді. Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Ашылу рәсімінде мейрамға жиналған барша қауымға «Көрісу айту» мейрамы жайлы түсінік беріліп, бұл күн өте қасиетті ай, алысты жақындатып, адамдар арасындағы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылып, жақын адамдар бір-біріне амандық саулық тілеп, халық қыстан аман – есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысатыны жайлы түсінік берілді. Наурыз мерекесінің ең негізгі жоралғысы – құшақтасып көрісу және бір-біріне жаңа тілек тілеу болды. Мереке барысында бүлдіршіндерге экран арқылы «Көрісу» слайд көрсетілді. Тәрбиешілермен балалар бірлесіп «Қара жорға» биін биледі. Сондай-ақ тәрбиешілерге арналған Наурыз мерекесіне арналған сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Наурыз мерекесінде салт-дәстүрлер жаңғыратыны белгілі. Тойды одан әрі «Тұсау кесер» рәсімімен жалғастырдық. Жиналған халық ата-салтын халық дәстүрін көріп тамашаласын деген ниетпен тұсау кесу болды. Үлкендеріміз әжелеріміз тойдың басы болсын құт-береке дарысын деген ниетпен ақ нөсердей шашуларын жаудырды. Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын! Әз Наурыз береке молшылық әкелсін, жаңа жыл елімізге бақ дарытсын деген тілекпен Қыдыр ата қонаққа келіп ақ батасын берді. Көрісу күні – береке-бірлікпен ырыс-ынтымақтың мейрамы. Жыл басында бірін-бірі көріп үлгермеген алыстағы туыс-туған жыл ортасына дейін кездесіп, көрісе береді. Бұл мереке ұрпақты татулық пен бауырмалдылыққа, ізеттілікпен мейірімге баулу, халқымыздың салт-дәстүірін бойларына дарыту арқылы адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болып табылды. Мереке соңында көрісу амал күні видео-суретпен аяқталды.