Мектепке дейінгі балалардың таза ауада серуендеуі дене шынықтыруын дамытуға зор ықпал етеді. Серуендеу - бала ағзасының шынығуының ең басты және қолайлы әдісі. Шынығудың бұл түрі ағзаның қоршаған ортадағы қолайсыз әсерлеріне төтеп береді, әсіресе тұмау, суық тиюден сақтайды. Ересек «Балдырған» тобында серуендеу күнделікті оқу қызметі барысында болып тұрады. Балалар күнделікті уақытпен далаға шығып, әр түрлі қимылды ойындар ойнайды. Қимылды ойынның бір түрі « Ұядағы қарғалар» деп аталатын қимылды ойындар ойнап, қозғалыста болды. Серуен барысында балалар ағашқа жемсауытты ілді, тәрбиешінің көмегімен құстарға тоңып қалмас үшін ұялар жасадық, күнделікті серуенге шыққанда жемсауытқа жем салуды әдетке айналдырайық деген балалармен әңгіме жүргізілді. (жем, нан қиқымын салды). Балалар ағаштардың түбіне қар үйіп, біраз еңбекпен шұғылданды. Балалар серуен кезіндегі іс-әрекеттерін топ ішінде қызығушылықпен айтты.