"Ақбота " бөбекжайында наурыз айының он күндік мерекелік іс-шарасы өткізілуде. Соның бірі «Шежіре күніне» орай ұйымдастырылған ортаңғы топтар "Ботақан","Күншуақ" арасында «Қазағымның шежіресі» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылып, өткізілді. Тәрбие сағаты сәлемдесумен ашылды. "Сәлем - сөздің анасы "демекші балаларды тәрбиелікке баулыдық. суреттерді қолдана отырып " Шежіренің"не екенін сурет арқылы түсінік берілді. Балаларға "жеті ата " тізбегін , «ру», «жүздер» туралы балаларға әнгімелеп , түсіндіріп берді. Балалар өздерінің әке, аталары туралы айтты. Суретпен жұмыс жүргізілді. Балалар «Жеті ата» суретіне дайын сөздерді тақтаға жапсырды. Осы тәрбие сағатында «Өзіңді танығың келсе ,тегінді біл" деген мақаламен қорытындылап, тәрбие сағатымызды аяқтадық.