Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында Наурыз мерекесінің онкүндік тойлануына байланысты «Жайлау» күні даярлық топтарының ата-аналарымен тәрбиешілер Калмаганбетова Арайлым Балтабековна, Айтжанова Алмагуль Сагандыковна, Уалиева Ризагуль Сагандыковна, Бейсенова Шолпан Муратбековна ұйымдастыруымен өткізілді.
Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу және имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылды.
«Құлыншақ» тобы мен «Қошақан» тобының ата-аналарымен іс шара өткізілді. Іс-шара бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде ата-аналар екі топқа бөлініп, ұлттық ойын «Ақсерек, көксерек» ойының ойнап, сайысқа түседі. Екінші кезең әкелеріміз күш сынасып, білегіміздің күшін сынап көрейік деп, күш сынасты. Бұдан соң ата-аналар ән орындап, келесі кезеңде «Арқан тарту», әкелер екі топқа бөлініп арқан тартысты. Аналарымыз қамыр жазып, бауырсақ пісіріп, самаурын қайнатты. Наурыз жайында ат-аналар өздерінің дайындаған өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Кеш соңында «Қара жорға» биін билеп, өнерлерін ортаға салды. Мерекелік іс-шараның соңы далада ыстық бауырсақпен үстел басында шай ішумен аяқталды. Ата-аналарымызға өте жақсы ұнады, көңілдері көтеріңкі болды.