Уәлиханов 21 көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайындағы ересек топтарда «Тарихқа тағзым күніне» байланысты «Тарихқа тағлым-өткенге тағзым» тақырыбында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өтілді. Бұл іс-шара батыр қыздарымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваға арналды.
Жас жеткіншек ұрпақтарды Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу, ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыру және елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеуде Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Шығыстың қос шынары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова туралы мәлімет беру арқылы бүлдіршіндердің бойына патриоттық сезімін ояту болып табылды.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйемін.
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған Отан деп сыбырлаған.
Бозторғайы бол оның шырылдаған
Отан, Отан
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем,- деп жырлаған ақын Мұқағали Мақатаевтың өлең шумағымен іс-шарамызды басталды.
Тәрбие сағаты мынадай кезеңдерден құралды:
I . Слайд.(суреттері) Шығыстың қос шынары: Әлия мен Мәншүктің өмірбаяны.
ІІ. 1минут үнсіздік.
IІІ.. «Батырдың өзі өлсе аты өлмейді» (берілген атағы,мектебі, ескерткіштері, батырлар жайлы шыққан кітаптар) Слайд..
Ⅳ.» Қос батыр» (фильм көру)
Сан мыңдаған ер азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор деп, қорыта келе, Отан үшін отқа кеудесін тосқан аға ұрпақтың қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдарына бас иіп, тағзым етеміз!- деп, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
.