Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" игі істер күніне арналған іс-шара

18.03.2021

Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады».
(«Сәбә» сүресі, 39-аят

Қайырымдылық көмек көрсету адам жанын ізгілікке жетелеп, тіршілікті нұрландырады. Қайырымдылық - көмекті қажет ететін жандарға білдірілетін сүйіспеншілік белгісі мен нақты көмек . Қазақ халқында сақталған игі дәстүрлердің бірі – жылу жинау. Ағайынның, ауылдастың немесе кез келген адамның басына күн туғанда оған жанашырлық танытып, қаржы, көмек жинап береді. Мысалы, су тасқыны, зілзала, өрт сияқты табиғи апаттарда, не бір адам ауыр науқастан емделуге қаржы таппағанда және тағы басқа да жалғыз өзі шеше алмайтын қиындықтарға тап болғанда қоғам болып бірге көтерісіп, жәрдем берген.. Алмағайып тіршілікте түрлі жағдайлар орын алып жатады. Сондайда қайғыға ұшырап, қабырғасы қайысып отырған жандарға да демеу көрсете білу - қайырымдылық қана емес, үлкен адамгершілік. Басшымыз Бостанбаева Бахыт Асылбековнаның ұйымдастыруымен бізде осы дәстүрді ұстанып, өзіміздің бөбекжай тәрбиеленушісі Кәмеш Әлидің әкесіне, яғни Кәмеш Камалжанның денсаулығына ұжым болып, қол ұшын созып, қаржылай жинап көмектестік.  Біздің берген көмегіміз, теңізге құйған тамшыдай! Енді тілейтініміз денсаулығы түзеліп, емделіп шықсын дейміз.   Денсаулық – адам өміріндегі ең маңызды құндылық.

Ұжымымыз тағы бір отбасыға Жунусова Бақытгүл есімді 6 баласы бар келіншекке тұрмысқа қажетті заттарды апарып, игі іс жасады.

Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің, -  демекші қандай қайырымды істер жасасаң да барлығы өзің үшін деп ата-бабамыз да мақал-мәтелдерде айтып кеткен. Шағырай шешен өз кезегінде:

Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.
Үлгілі сөз білмеген,
Надандықтың белгісі.
Бар-жоғына қарамас,
Анық жомарт, ер кісі.

Осы өлең жолдарымен адам санасына жомарттықтың қандай екенін жеткізген. Қоғамда да  күнделікті жиі қолданылып отыратын дана сөздерінің бірі: «Кең болсаң – кем болмайсың» деудің  мәніне үңілсеңіз адам бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттерді меңзеп отыр. Яғни, төрт құбыласы тең болады.

Осы жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын.

 Алла тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!

Просмотров: 139


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст