Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зияткерлік күнінде «Жұлдызды сәт» интеллектуалдық сайысы

19.03.2021

Уәлиханов көшесіндегі  МКҚК  "Ақбота"  бөбекжайында Наурыз  мерекесінің онкүндігіне орай  Зияткерлік  күні  даярлық және ересек топтарымен  тіл мамандарының педагогтары, Гульнара Кабдылсадыковна мен  Аягуль Төлепбергеновнаның  ұйымдастырумен  «Жұлдызды  сәт»  интеллектуалдық сайысы  өткізілді.

Мақсаты: бүлдіршіндерге ұлттық мәдениетке қызығушылықтарын арттыру, халықымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге, қазақ халқының әдет-ғұрпын өсіп келе жатқан ұрпақ санасына сіңіру.

          «Наурыз»- көне иран сөзі, қазақша мағынасы  «Жаңа жыл» дегенді білдіреді. Наурыздың  22 - күні ұлтымыз үшін жыл басы - жаңа жыл, күн мен түннің теңелетін уақыты. Сондықтан да Наурыз тойын - Ұлыстың ұлы күні деп атаған.

          Сайыс төрт кезең бойынша өткізілді.Сайыс барысында балалар, экран арқылы, қазақтың салт-дәстүрлерін  видео роликтен  тамашалады.Содан кейін  ортаға топ басшылары  шақырлып, берілген конверттер ішінен біреуін таңдап алып, ішіндегі салт-дәстүрді атап беру тапсырмасы берілді. Бесікке салу", "Тұсау кесу" атты  салт-дәстүрлерімізді айтып сипаттап берді.

          Үй  тапсырмасына берілген жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдерді  екі топтың балалары жарыса айтып өз өнерлерін ортаға салды.

          «Ас- адамның арқауы» демекші , бүлдіршіндер қазақтың ұлттық тағамдары  бесбармаққа  және науырыз көжеге  қажетті құрамдары бейнеленген арнайы  суреттер  арқылы жарыса жинап көрсетті.

          Келесі кезең бойынша, қазақтың ұлы ақыны  Абай Құнанбаевтың  «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?» деп  айтқандай, балалар  «Арқан тартыс»және  «Ханталапай»  ұлттық ойындарын ойнап серігіп алды.

          Төртінші кезең бойынша, балалар ұлттық аспаптарды танып білді. Берілген әр түрлі аспаптар ішінен қазақтың ұлттық аспаптарын табу тапсырмасы берілді.

          Сайысты қорытындылай келе, "Науырыз думан"  әуені ойналып, әже қонаққа келіп , Наурыз мейрамымен құттықтап , балаларға  бауырсақ және тәттілер сыйлап. Бата – халық қазынасы. «Жаңбырменен  жер көгерер, батаменен ел көгерер» деп қазақ халқы бекер айтпаса керек. Әжеміз балаларға  бата беріп, сайыс өз мәресіне жетті.

 

Просмотров: 129


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст