Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлттық тағамдар» күніне арналған «Пай, пай, қазағымның дастарханы» атты мерекелік іс-шара

19.03.2021

Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында кіші «Нұрсәуле» «Балапан», ересек «Көбелек», «Балдырған», «Еркетай»  топтарында   «Ұлттық тағамдар» күніне  арналған «Пай, пай, қазағымның дастарханы» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Мақсаты туған ел тарихымен, қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстыру, балаларды  туған жер табиғатын аялап қорғауға баулу, интернационалдық тәрбие, балалардың белсенділік сөздік қорын байыту, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, ұлттық тағамдарына қызығушылығын арттыру. Ұлттық тағамдарды пайдалана отырып, балаларға олардың қандай еңбекпен жасалатынын түсіндірумен, қатар қандай жолмен алынатынын, түрлерін үйрету арқылы құндылықтарды және тағамдарға деген сүйіспеншілігін  арттыру болып табылды.

Балаларға ұлттық тағамдар туралы түсінік бердік. Слайд арқылы ата – аналар жіберген ұлттық тағамдарды жасау үстіндегі жіберген видеоларын көрсетіп, тағамдар туралы түсінік берілді. Мақал – мәтелдер, наурыз туралы әндер айтылып, билер биленді. Балалар қызығушылықпен ат салысты. «Пай, пай, қазағымның дастарханы» атты мерекелік іс-шара  ауқымды түрде тойланып, өткізілді. 

Просмотров: 126

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст