Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Жоралғы күніне» байланысты салт-дәстүрлерді жандандыру мақсатында «Қазағымның дәстүрлері» іс-шара

19.03.2021

Уәлиханов 21 көшесіндегі   «Ақбота»  бөбекжайында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен   ересек  «Еркетай», «Балдырған», «Көбелек» бүлдіршіндерімен  наурыз айының  19 күні « Жоралғы  күніне» байланысты  салт-дәстүрлерді жандандыру мақсатында  «Қазағымның дәстүрлері» іс-шара өткізілді.

Заман  өзгерсе де  ұлттық салт-дәстүріміздің  көнермейтіндігін еске салып, ұлттық  мұраны  қайта жаңғырту; бүлдіршіндерді халқымыздың  ұлттық салт-дәстүрлер  құндылықтарымен  терең  таныстырып, оның тарихын  баяндай  отырып, салт-дәстүр, әдет-ғұрып бойынша  шығармаларды бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған, ой- өрісі  кең  мәдениетті тұлға  қалыптастыру.

Ұлтымыз қашан да баласының  рухани жағынан  бай  болуына аса  көңіл бөлген.  «Халқымызда  балаңды  өз тәрбиеңмен  тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген  нақыл сөз бар.   Демек, өскелең ұрпақты  бабаларымыздың  өнегесін,  өсиетін  пайдалана  отырып  тәрбиелеу  ұлттық тұлғаны қалыптастырады.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып,  атадан  балаға  қалып  отыратын  мол мұра.  Әр ұлттың  өзіне  тән  салт-дәстүрі  бар- дей, отыра  «Еркетай» тобының бүлдіршіндері  «Қыз  қуу»  дәстүрін көрсетсе, «Балдырған» тобының бүлдіршіндері  «Тұсау  кесу»,  «Көбелек» тобының  бүлдіршіндері  «Қыз  ұзату» дәстүрін  көрсетті.  «Қыз  қуу»  ойынында  ер жігіт пен  әйел баласы  арасында « Кім  мықты?» деген  ой туындаса,  «Тұсау  кесу»- қазақтың  өмір сапарының  сәтті  болуы  үшін  ақ ниетпен  жасаған  ырымы.

«Қыз  ұзату» қызды үйінен  ұзатып  салу  ата-ана үшін  үлкен  бақыт болып табылған,  аманатпен  шығарып  салған , бұл күнге өте мұқият  дайындалған.

«Ботақан», «Күншуақ » тобының    балаларымен, ұлтымыздың  дәстүрлерің біліп өссің  деген  мақсатпен қазақтың  салт-дәстүрі «Бесікке  салу» дәстүрімен  іс- шара өткізілді.  Іс-шара музыка  әуенімен басталып, бейне  таспадан бесіктің  құрал –жабдықтары, қолданылуы жайлы толық  айтылып, тоқталып балаларға  «Бесікке  салу » дәстүрі  туралы балаларға мағлұмат  берілді.  Халқымыздың  салты  бойынша,  нәрестеге  әжелердің жолың  берсің  деген  ниетпен,іс -  шарамызға  әжені  шақырып бесікке  салуың өтіңдік. Әже  бесікті  аластап,  бесікке салу  дәстүрін  көрсете отырып, жақсы тілектер  айтылды, «әлди – әлди бөпешім» әнімен нәрестені  бесікке  бөлеуін көрсетті.

 

Сондықтан да ұлттық  салт-дәстүрлерді бөбекжайдан  бастап насихаттау қажет.

Просмотров: 151


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст