Наурыз-бүкіл табиғат оянатын тіршіліктің бастауы. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесі елімізге ырыс, бақ, молшылық дарытты. «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жер-көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиіп, тоң жібіп, Жер – Ана бусанып, дүниені жандандырып жарқыраған кезі ұлыстың ұлы күні барша адамзатты қуанышқа бөлей алды. Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы біздің де шаңырақта аталып өтті. Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында наурыз айының 19 күні ортаңғы, ересек топтары арасында «Армысың, Әз Наурыз» атты Наурыз мерекесіне арналған онкүндіктің жабылу салтанаты аталып өтілді. Мереке барысында ортаңғы және ересек топтар өздерінің ән-шашуларын ортаға салды. Бұл мерекеде балалар «Наурыз-достық мерекесі», «Әз Наурыз» сынды әндерді тарту етті. Қазақтың ұлттық билері «Қамажай», «Қара жорға», «Ұлы дала», «Сылдырмақ» билерін мың бұрала биледі. Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын айтып берді. Бұл мерекеде салт-дәстүрлер жаңғыратыны белгілі. Тойды одан әрі «Сыңсу» рәсімімен жалғасты. Мейрамға жиналған барша бала мерекені сезініп өз өнерлерін ортаға салудан тайынбады. Бұл мереке ұрпақты татулық пен бауырмалдылыққа, адамгершілік пен ұлтжандылыққа тәрбиеледі. Онкүндіктің жабылу салтанаты фото-суретпен аяқталды. Мақсатқа қол жеткізілді.