Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі. «Тәрбие-білім беру процесінің сабақтастығы бойынша мектеп-балабақшаның өзара іс-қимылы» тақырыбы бойынша 2024-2025 оқу жылының жұмыс жоспары негізінде "Ақбота" бөбекжайында №9 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері бөбекжайдағы мектепалды топтың ата-аналарымен бірге өткізілген "Ауылға саяхат" ұйымдастырылған іс-әрекетіне қатысты. №9 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері аудандық «Ата-аналармен инновациялық жұмыс жүргізу формалары» атты тәжірибелік-семинарда бөбекжай мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты, бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, бөбекжай мен ата-аналардың тұрақты қарым-қатынасының тиімді модельдерін іздестіру арқылы ата-аналармен жұмысты арттыру жолдарын анықтауда тәрбиешілеріміздің тәжірибелерін көрді, пікірлерімен бөлісті. Аудандық семинарға қатысқан ата-аналарымыз, әжелеріміздің бөбекжаймен тығыз қатынасын, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны орасан зор екендігін тағы да бір дәлелдеп, көрсете білді.