МКҚК «Ақбота» бөбекжайында Бурабай ауданы ТЖБ жасағы мамандандырылған ӨСБ-6 өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау аға лейтенанты Т.Т.Мансуров, ӨСБ-6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Ковалевский Дмитрий Войтехович бөбекжай қызметкерлерімен және бөбекжай тәрбиеленушілерімен кездесуде «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Бөбекжай қызметкерлерімен өрт кезінде ұйым қызметкерлерінің әрекет ету тәртібімен таныстырып шықты. Сонымен қатар, балаларға өрт жағдайында далаға шығу амалдары мен шұғыл құжаттарды алып шығу маңыздылығы айтылды.
Бөбекжай тәрбиеленушілеріне өрт қауіпсіздігі, өрттің алдын алу шаралары және өрт сөндірушінің қорғаныш киімі мен құралдары жайлы егжей-тегжей түсіндірді. «Балалар көп нәрсені біледі екен, өрт қауіпсіздігі шараларының жиі өткізіліп тұратыны байқалып тұр,-дейді өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау аға лейтенанты Т.Т.Мансуров. Өрт сөндірушілермен өткен бұл кездесу балаларда жақсы әсер қалдырды.