Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының "Көбелек "тобының тәрбиеленушілерімен "От досымыз да, жауымыз да" атты спорттық іс - шара тәрбиешілердің ұйымдастырумен сайыс түрінде өткізілді. Спорттық іс-шараның мақсаты балаларға өрт туралы түсінік беру, өрттен сақтану жолдарын үйрету болып табылды. Спорттық іс-шарада балалар өртке байланысты "Қауіпті және қауіпсіз", "Орманды өрттен сақтайық", "Кім жылдам?"ойындары ойнатылды. Балалар өртке байланысты өткізілген спорттық іс-шараға белсенділікпен қатысты.