МКҚК Ақбота бөбекжайының ересек "Балдырған"тобының балалалары "Кішкентай өрт сөндірушілер "сайысына қатысты. Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Балаларға өрт туралы түсінік беру. Өрт тілсіз жау,өрттен сақтану жолдарын үйрету. Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Кенеттен пайда болатын жағдайларда керекті телефон нөмерлерін жатқа айтқызу, ойын арқылы ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларға жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, әдепті және байыпты сөйлеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа үлкеннің айтқанын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Балалар сайыста әр түрлі өрттен сақ болу мағлұматтар ойынды ойнау арқылы алды. Өрт пен ойнамауды, өрт шығаратын заттарды үлкендердің рұқсатынсыз ұстамауды игерді. Өрттің алдын алып не істеу керектігін игерді.